Экономикалық жоспарлау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ"

    Жалпы ақпарат

    Қызметі :
    1) аумақтық бағдарламаларға сәйкес, құрылыс саласында облыстың даму жоспарын жүзеге асыру;
    2) инфақұрылым дамуының мониторингын жүргізу. Республикалық және жергілікті органдарға басқарма объектілерінің құрылыс жоспарын орындау бойынша есеп береді;
    3) облыста құрылысты дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспарының, стратегиялық жоспардың орындалуының қорытындысы бойынша талдау жасау және есеп жүргізу;
    4) республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген трансферттер негізінде бюджеттік бағдарламаларды жетекшілік ететін сала бойынша жасақтау;
    5) жетекшілік ететін салалар бойынша қаржыландыру жоспарлары бойынша облыстық бюджеттік комисияға түзетулер мен толықтырулар енгізу;
    6) облыс бойынша құрылыстың басты экономикалық даму көрсеткіштері бойынша келешегі бар жоспар жобаларын жинақтау;
    7) республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген трансферттерге негізделіп басқарма жетекшілік ететін саладағы бюджеттік жіктелу бойынша қаржыландыру жоспарын жасақтау және аудандық құрылыс бөлімдеріне уақтылы жеткізу;
    8) мердігерлік және жобалық мекемелерімен шарт дайындалуын және жасауын, жұмысты (қызмет) және заңды құжаттарды жүргізуге шарттарды тіркеуді қадағалау;
    9) «Шарт бойынша қазынашылық клиенті» бағдарламасы бойынша облыстың қазынашылығында заңды құжаттар мен сараптама өткізуге, жұмыстар (қызмет) жүргізуге шарттарды тіркеуін бақылау;
    10) басқармаға қатысты барлық сот талқылауларын бақылау.