Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық талдау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Экономикалық талдау бөлімінің негізгі міндеттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғыҚазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының басқарманың қызмет ету саласы бойынша орындалуы ақпаратты әзірлеу кіреді және де қаланың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын қалыптастырады және оны әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп отырады. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының салалық министрліктеріне қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпаратты дайындап отырады. Және де бөлімнің міндеттеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қала әкімдігінің селекторлық мәжілістеріне материалдары дайындайды және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпарат,кітапша салыстырмалы кестелер әзірлеп отырады.