Экономикалық талдау-қаржы және құқықтық жұмыстар бөлімі
- басқарма қызметкерлерінің бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;
- басқарма басшысының бұйрықтарын дайындау;
- кадрларды жасақтау, орналастыру және жұмыстан босату құжаттарын дайындау, аттестациядан өткізу, біліктілігін арттыру, ант қабылдату жұмыстарын ұйымдастыру;
- басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтегі өтілін анықтау комиссиясының жұмысын жүргізу, мерзімі келген құжаттарды мұрағаттарға өткізу;
- жаңадан келген мемлекеттік қызметкерлердің арнайы тексеруден өтуін қамтамасыз етеді;
- басқарманың құрылымын, штат кестесін жасақтап, оны басқарма басшысының бекітуіне ұсынады;
- қызметкерлердің арасында еңбек тәртібін сақтауды қадағалайды;
- мемлекеттік қызметшілердің табысы туралы декларациясын тапсыруды қадағалайды;
- бөлім мамандарының өздеріне бекітілген жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуын ұйымдастырады;
- басқарма бойынша өткізілетін іс-шараларды үйлестіреді;
- басқарманың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, қызмет этикасы журналындағы жазулармен, сенім телефонына келіп түскен мәліметтермен жұмыс жүргізеді;
- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдары туралы 1-ОЛ есепті тоқсан сайын тапсырады;
- басқармада өтетін жиналыс, алқа мәжілістеріне ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
- басқармамен көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептерді ай сайын тапсырады;
- басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.