Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің негізгі
    міндеттері, функциялары мен құқықтары

    1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің міндеті: жергілікті бюджеттен қаржыландыратын Текелі қаласының атқарушы органдарының персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

    Функциялары:

    1) Текелі қаласы мемлекеттік оргадарының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

    2) мемлекеттік органдардың кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

    3) мемлекеттік органдардың кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

    4) мемлекеттік органдардың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

    1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің міндеті: мемлекеттік органдардың персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1) мемлекеттік органдарда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

    2) мемлекеттік органдардың кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамаларын, даярлауын, қайта даярлауын, біліктілігін арттыруын ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

    3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

    4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату қызметтік тергеп-тексерулерді өткізу рәсімдерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде)сақталуын қамтамасыз ету;

    5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.

    1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің міндеті -мемлекеттік органдарда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

    Функциялары:

    1) мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

    2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

    1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бөлімі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөліміне олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

    1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бөлімі Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
    2. Персоналды басқарудың бірынғай қызметінің бөлімі:

    1) оған Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

    2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.