Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімі бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

    Қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту

    Ағымдағы жағдай:

    Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес 2022 жылдың мамыр айында облыстың 62 мектебінен 4, 9 сынып оқушыларының 4962-сі БАБЖМ-ден өтті. Облыс бойынша 4-сынып оқушылары арасында орташа балл 21,8, 9-сынып оқушылары арасында – 72,3 құрады, бұл ретте 4-сынып оқушыларының нәтижесі қалалық мектеп нәтижелерінен 1,3 балға жоғары, 9-сынып оқушылары арасында білім сапасында алшақтық жоқ.

    Ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы алшақтығын қысқарту немесе жою шешу үшін әр мектеп пен колледждің білім сапасына талдау жүргізілді. Нәтижелерге сәйкес әрбір нақты мектептің осал жерлерін қалпына келтіру жөніндегі бекітілген жоспарға сәйкес әдістемелік қолдау жүргізілді. Барлық мектептерде күнделікті сабақтарды жоспарлау кезінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды талдау тәжірибеге енгізілді. Осы жылдың басынан бері функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша 60-тан астам семинар өткізілді.

    «Білімді ұлт» ұлттық жобасы көрсеткіштеріне енгізілген PISA-2022 халықаралық зерттеуіне 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында Маңғыстау облысының 863 оқушысы өтті, оған өңірдің 22 білім беру ұйымы қатысты. Зерттеу нәтижелері күтілуде.

    - Орта білім беру саласындағы өзекті проблемалардың бірі үш ауысымды оқыту болып табылады, бұл білім беру сапасына әсер етеді (облыстың 15 мектебі үшінші ауысымда 3 277 оқушыны оқытады). Облыстың 24 мектебіндегі оқушы орындарының тапшылығы 9 056 –ны құрайды;

    Проблемаларды шешу бойынша қабылданған шаралар:

    - үздік педагогтар, пән мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды, олардың тәжірибесі облыс мектептері арасында таралуда;

    - математика мұғалімдерін әдістемелік қолдау бойынша «Математикалық прогрессия» жобасы іске асырылуда. Осыған ұқсас жоба физика, информатика, химия, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері арасында да жүзеге асырылуда;

    - аудандар мен қалалардың 6 мектебінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы университеттің, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау алаңдары жұмыс істейді;

    - «Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалымен бірлесіп облыстың 3 мектебінде педагогтарды әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде;

    - Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде («Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік қолдауымен);

    - облыс әкімінің қолдауымен 30 мектепті жаңа бағытқа ауыстыруды көздейтін «Z-ұрпаққа арналған мектеп: Маңғыстау облысындағы ауылдық және қала мектептерінің алшақтықтарын қысқарту» жобасы іске асырылуда.

    Облыс әкімінің қолдауымен 2023 жылдың басынан бастап «Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» бағдарламасы іске асырылуда, соның нәтижесінде облыстың жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы әзірленді, сондай-ақ колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, жоба ғылыми сынақтан өткен өзекті деректер базасы (жоғары оқу орындары, мамандықтар, тренингтер мен бос орындар) ұсынылатын 8-ші сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын қамтиды.

    Сонымен қатар, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығы 2022-2023 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысымен 11% - дан 6%-ға дейін қысқарды. Сондай-ақ, PISA-2022 зерттеуінің нәтижесі күтілуде. БАБЖМ (МОДО)-2022 нәтижелері бойынша облыстың 4-сынып оқушылары арасында орташа балл 21,8-ді, 9-сыныпта – 72,3-ті құрады, бұл ретте, 4 сынып оқушыларының нәтижесі қалалық мектеп нәтижелерінен 1,3 балға жоғары, 9-сынып оқушылары арасында білім сапасында алшақтық жоқ.

    2023 жылға арналған міндеттер:

    - оқушыларға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

    - үш ауысымды оқитын және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді қысқарту;

    - білім алушылардың білім сапасын арттыру;

    - қалалық және ауылдық мектептердің білім сапасындағы алшақтықты қысқартуға қол жеткізу.

    «Алтын белгі» және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

    Ағымдағы жағдай:

    2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер түлектерінің контингенті 7 096 оқушыны құрайды (2021-2022 о.ж. – 7562 түлек). 2023 жылы облыс бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 150. Өткен оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер 180 түлектің 174-і білімдерін дәлелдеді. Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілуде. Каникул күндерінде үлгерімі нашар немесе кейбір пәндерден үлгермейтін білім алушыларға кеңестер, қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Жазда 30 мыңнан астам бала үшін 142 білім беру ұйымында Жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Әр мектепте оқушылардың үлгерімін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

    «Алтын белгіге» үміткерлердің 96%-ы өз білімдерін растады, үлгерімі төмен оқушылар саны азайды

    2023 жылға арналған міндеттер:

    - «Алтын белгіге» үміткеркерлердің 98% -ң өз білімдерін дәлелдеуіне жұмысты сапалы ұйымдастыру (132 үміткердің 129-ы);

    - үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасайтын педагогтарға оқу-әдістемелік көмек көрсету;

    - үлгерімі төмен оқушылар санын азайту.

    PISA-Based Test For Schools халықаралық зерттеуі

    Ағымдағы жағдай:

    2021 жылдың қазан айында облыс оқушылары PISA - Based Test For Schools халықаралық зерттеуінің апробациясынан өтті, оның қорытындысы бойынша облыстың екі мектебі жоғары нәтиже көрсетіп, үздік білім беру ұйымдарының бестігіне енді. 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында 33 білім беру ұйымдарының (31 мектеп, 2 колледж) білім алушылары PBTS зерттеуінің негізгі кезеңінен өтті. Өңірден 1417 оқушы қатысты. Зерттеу барысында проблемалар анықталған жоқ.

    Халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

    2023 жылға арналған міндеттер:

    - мектепішілік бақылау жұмысын жетілдіру;

    - әр мектепте оқу нәтижелерін жақсартудың басым мәселелері мен құралдарын анықтау үшін білім беру ортасын талдау және деректерді Стратегиялық жоспарлау;

    - даму жоспарын тиімді өзгерту мақсатында білім беру ұйымдарының ақпараттарында дұрыстығын қамтамасыз ету.

    Мектептер желісі

    Ағымдағы жағдай:

    Маңғыстау облысында 184 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 145 күндізгі мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде - 124, орыс тілінде - 5, аралас тілде – 16), 30 жекеменшік, 4 кешкі, 5 түзету мектебі. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті - 175370, оның ішінде, мемлекеттік – 165 509, жекеменшік мектептерде – 8372, кешкі мектептерде – 755, түзету мектептерінде – 734 оқушы.

    2022 жылы қазақ тілінде оқытатын 1800 орындық 2 мемлекеттік мектеп және қолданыстағы қазақ тілінде оқытатын мектептерге 648 орындық 2 жеке тұрған қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Қазақ тілінде оқытатын 4620 орындық 12 жекеменшік мектеп ашылды. Сәйкесінше, 2022 жылы қазақ тілінде оқытатын 14 мектеп ашылды.

    «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 24 мектеп салу жоспарланды.

    Мәселені шешу үшін көзделген қаражаттың көлемі: қаражат РБ-тен көзделген.

    Соңғы нәтиже: үш ауысымды мектептерді жойылады.

    2023 жылға арналған міндеттер:

    - жалпы білім беретін мектептер желісін көбейту;

    - қазақ тілінде оқитын оқушылардың білім сапасын арттыру;

    • орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту сапасын арттыру.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ақпарат

    Облыс мектептерінің қызметін талдау және мектептерді дамыту бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындау.

    Облыс бойынша 184 білім беру нысаны қызмет етеді. Оның ішінде, 145 күндізгі мемлекеттік мектептер 165 509 білім алушыға жалпы орта білім беруде.

    Өңір мектептерін дамыту, білім сапасын көтеру мақсатында Білім басқармасы тарапынан әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Аталған жұмысты жүргізу барысында келесі жұмыстар жүргізілді:

    - үздік педагогтар, пән мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды, олардың тәжірибесі облыс мектептері арасында таратылды;

    - математика мұғалімдерін әдістемелік қолдау бойынша «Математикалық прогрессия» жобасы іске асырылды. Осыған ұқсас жоба физика, информатика, химия, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері арасында да жүзеге асырылды;

    - аудандар мен қалалардың 6 мектебінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы университеттің, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау алаңдары жұмыс жасайды;

    - «Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалымен бірлесіп облыстың 3 мектебінде педагогтарды әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді;

    - Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді («Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік қолдауымен);

    - 30 мектепті жаңа бағытқа ауыстыруды көздейтін «Z-ұрпаққа арналған мектеп: Маңғыстау облысындағы ауылдық және қала мектептерінің алшақтықтарын қысқарту» жобасы іске асырылды.

    Облыс әкімінің қолдауымен 2023 жылдың басынан бастап «Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» бағдарламасы іске асырылады, соның нәтижесінде облыстың жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы әзірленді, сондай-ақ колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, жоба ғылыми сынақтан өткен өзекті деректер базасы (жоғары оқу орындары, мамандықтар, тренингтер мен бос орындар) ұсынылатын 8-ші сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын қамтиды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.

    Талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін нысаналы білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу.

    Осы оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша 7096 түлек жалпы орта білім беру бағдарламасын аяқтайды (2021-2022 о.ж. – 7558 түлек). Өткен оқу жылында Маңғыстау облысы үшін 6 мың нысаналы білім беру гранты тағайындалды. Облыс мектептерінің түлектері 2587 мемлекеттік білім беру грантына, оның ішінде, 1021 нысаналы грантқа ие болды. Осы мақсатта жоғары оқу орындары өкілдерін қатыстыра отырып, 74 кездесу, 20 брифинг, жергілікті телеарнада 7 тікелей эфир өткізілді, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда «Кәсіптік бағдар» тұрақты айдары жұмыс жасады.

    Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы оқу жылында да жалғасуда.

    Білім басқармасы тарапынан кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды. Ата-аналар, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары басталды, атқарылған іс-шаралар облыс әкімдігінің, Білім басқармасының ресми интернет-ресурстарында тұрақты жарияланып отырады.

    Білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 26-28 қаңтар аралығында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р. Емелбаев өңірде, соны ішінде, ауылдық елді мекендердегі мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, педагогтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында осы жылғы 27-30 қаңтар аралығында мектеп бітіруші түлектерден тестілеу жұмыстары алынып, деңгейлерін анықтау бойынша тиісті шаралар қабылданды.

    Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінен 2023 жылы бөлінетін нысаналы гранттар тізбесі бекітіліп шығып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

    Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамту бойынша ақпарат

    2022-2023 оқу жылында 145 күндізгі мемлекеттік мектепте 165 591 оқушы білім алады. Өңірдегі 142 мектепте асхана бар. Оның ішінде, 20 мектеп мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қызмет етеді.

    Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы жасақталды.

    Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 136 мектепте бір мезгіл аз қамтылған, көп балалы және тағы да басқа осал топтарға жататын отбасы балалары және 1 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ, 6 интернаттық мектепте бес мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда жалпы білім беретін 139 мектепте 43 637 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды (оның, 25 459 – аз қамтылғандар, 18 178 – 1 сынып оқушылары).

    Өткен оқу жылынан бастап, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы құрылып, әр айдың соңында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде. Ведомствоаралық сарапатамалық топ құрамына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, ата-аналар өкілдері, депутаттар енгізілді. Сараптама қорытындысы білім бөлімдерінің, басқарманың сайттарында жарияланады.