Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі төмендегі функцияларды іске асырады:
1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру саласында мемлекет саясатын іске асыру, аймақтық бағдарламаларды әзірлеу, мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету.
2. Білім беру сапасын арттыру бағытында, білім беру мазмұнының сәйкестігін қамтамасыз етуде және мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды, мектеп оқушыларын дайындау деңгейі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талабына сай болуына байланысты қала және аудандардың білім беру бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.
3. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдары желілерін дамыту бойынша жұмысты үйлестіру, азаматтардың орта білім алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамту.
4. Білім беру жүйесін дамытуда облыстық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, білім беру ұйымдарының жұмысын бағалауда жаңа амалдарды қарастыру.
5. Жаңа типтегі жалпы білім беру мектептерде, пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерде және инновациялық мектептерде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізу.
Бөлім құрамы:
Абаева Айнагуль Кайрулловна |
Бөлім басшысы |
Бос орын |
Бас маман |
Байдалина Галия Сагындыковна |
Бас маман |
Найманова Асемгуль Бейсеновна |
Бас маман |
Сарсенбаева Аймара Нурлановна |
Бас маман |