«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, әкімнің, әкімдіктің және аппарат басшысының нормативтік құқықтық актілерін, ішкі тәртіп қағидаларын, бөлім Ережесін, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін және Ережеде белгіленген тәртіппен қабылданған қағидаларды, лауазымдық және арнайы нұсқаулықтарды, бұйрықтарды және өкімдерді басшылыққа алады.

    Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мен қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерге жіберілген жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асыру. Қала әкімінің, оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін әзірлеу және оның орындалысын бақылауда ұстау. Қала әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру.

    «Ашық әкімдік» – сервистік әкімдіктің жұмысын үйлестіру, бақылауда ұстау.

    Кіріс және шығыс құжаттарды, өтініштерді «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу, тиісті бөлімдерге жолдау және олардың орындалысын бақылауда ұстау.

    «Е-лицензия» электронды ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтінімдерді тіркеу, тиісті бөлімдерге жолдау және түскен өтінімдерге мониторинг жасау.