Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, әкім аппаратының басшысына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім құралады:
1) бөлім басшысынан;
2) бас инспектордан;
3) бас маманнан;
4) бас маманнан.
- Бөлімінің негізгі мақсаты, функциялары,
құқықтары мен міндеттері - Міндеті: іс жүргізу.
Функциялар:
- кіріс және шығыс құжаттарды уақытында тіркеу, мемлекеттік қызметшілерді олармен таныстыру, құжаттардың өтуін бақылау, белгіленген мерзімде олардың орындалуын қамтамасыз ету.
- электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электронды цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру рәсімін жүргізеді.
- хаттардың рәсімделуін (электрондық құжаттың міндетті деректерінің бар болуын) тексеру, хаттарды пошта және дельдігерлік бағланыс арқылы жіберу жұмысын жүзеге асырады.
- аудан әкіміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша талдамалық анықтамалар мен ақпараттар ұсынады.
- қызметтік пайдалану үшін белгісі бар (ҚБПҮ) құжаттармен іс жүргізу.
- істер номенклатурасын әзірлеу, бекітілген номенклатураға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттаманы жүргізу, мұрағатқа құжаттарды уақытылы дайындау және тапсыру.
- фирмалық бланкілерді есепке алу және беруді қадағалау, бүлінген бланкілер бойынша тоқсан сайын акт дайындау.
- құжаттармен жұмыс істеу нысаны мен әдісін жетілдіру бойынша
іс-шараларды әзірлейді. - құпия іс қағаздарын жүргізу.
10) жоғары тұрған органның қарауына мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы материалдарды дайындау және тапсыру жұмысын жүзеге асыру.
- Міндеті: аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялар:
1) аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
2) аудан әкімі аппаратының кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау.
3) аудан әкімі аппаратының кадр құрамын қалыптастыру.
4) аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жүргізу.
- Міндеті: аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру.
2) аудан әкімі аппаратының кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамалардан өтуін, даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету.
3) кадр мәселелері жөніндегі комиссияларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады.
4) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидасына сәйкес жұмыстарды жүргізу, әскери міндеттілерді брондау.
- Міндеті: аудан әкімі аппаратында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Функциялар:
1) аудан әкімі аппаратында еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша аудан басшылығына ұсыныстар енгізуге.
- Қазақстан Республикасының заңдары және осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін аудандық құрылымдық бөлімшелерден қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді сұратуға.
- Басқа мемлекеттік органдардың іс-шараларына қатысуға.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтай отырып, заңдылық қағидасын басшылыққа алуға.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.