Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қала әкімі аппаратының қызметінде құрылатын құжаттардың классификациясын жүзеге асыру;

    құжаттарды бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және таратуды жүзеге асыру;

    басшының кіріс құжаттарын уақтылы қарауын ұйымдастыру, басшыға қол қоюға берілетін құжаттардың ресімделуіне бақылау жүзеге асыру;

    құжаттардың белгіленген уақытта орындалуына бақылау жүзеге асыру, құжаттардың орындалу нәтижелері туралы үнемі басшыға хабарлау;

    бақылау-анықтама картотекасын құру және жүргізу;

    құжаттарды басу, көшірмесін жасау, көбейтуді ұйымдастыру;

    қалалық мұрағатпен бірлесіп қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары бланкілерінің жобаларын әзірлеу және келісу;

    қала әкімі аппаратының істер номенклатурасын дайындау және бекіту;

    істердің оперативті сақталуын және оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырғанға дейін пайдаланылуын қамтамасыз ету;

    қаланың жергілікті басқару органдарында істерді құру және ресімдеудің дұрыстығына бақылау жүзеге асыру;

    аударуды жүзеге асыру және қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарының аудармасының дұрыстығын бақылау;

    құжаттарды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында олардың құндылығының сараптамасын ұйымдастыру;

    құпия іс жүргізуге жауапты маман құпия іс жүргізу бойынша құжаттарды есепке алуды, тіркеу және жіберуді ұйымдастыру және жүргізу;

    құжаттаманы басқару және кеңес беру мәселелері бойынша кеңес беру және мәжіліс-семинарлар өткізу.