Құжаттама және бақылау бөлімі
Жалпы ақпарат
Әкімдіктің, әкімнің, облыс әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға басшылық жасайды. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады. Құжаттар мен құжат айналымын есепке алуды қамтамасыз етеді, облыс, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарында, облыстық басқармалар мен ведомстволарда іс жүргізуді жетілдіреді.