«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімі

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі, бақылау және цифрландыру бөлімі

    Бөлім өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, әкімнің, әкімдіктің және аппарат басшысының нормативтік құқықтық актілерін, ішкі тәртіп қағидаларын, бөлім Ережесін, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін және Ережеде белгіленген тәртіппен қабылданған қағидаларды, лауазымдық және арнайы нұсқаулықтарды, бұйрықтарды және өкімдерді басшылыққа алады.

    Мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жасау және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына мониторинг жүргізу.

    «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында электронды және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру жұмыстары бойынша тапсырмаларды орындау.