Құрылым — "Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ цифрландыру бөлімі

    "Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ цифрландыру бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы ақпараттандыру, цифрландыру, байланыс және ақпаратқа қол жеткізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мекеменің миссиясы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың түбегейлі жаңа траекториясына Қазақстан экономикасының көшуі үшін жағдай жасау болып табылады.Мекеменің негізгі міндеттері:1) Ақтөбе облысының ақпараттандыру және цифрлық технологиялар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;3) мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру;4) экономиканың негізгі салаларына және өмір сүру салаларына қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;5) Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қамтамасыз ету және жүргізу.

    aktobe-digital