Целиноград ауданы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі

    Об акимате

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1) Целиноград ауданының аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының артуын қамтамасыз ету;

    2) мемлекеттік қызметтерді көрсету ахуалын және даму перспективаларын талдау, бар кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасау;

    3) көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін өз құзыреті шеңберінде қарау;

    4) көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;

    5) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы қызметкерлерінің біліктіліктерінің артуын қамтамасыз ету;

    6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    Бөлімнің міндеті:

    Целиноград ауданының мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарымен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.