Бухгалтерлік есеп бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бухгалтерлік есеп бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, Ақтөбе облысы әкімдігінің шешімдерін, өкімдерін және қаулыларын, « Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы » ММ ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Бөлімнің құрылымы және қызметкерлерінің саны «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттық кестесімен бекітіледі.