Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Ұйымдастырады және бөлім қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттарын жоспарлау және айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілігін Қаржы басқармасына жасайды, қалыптастырады және ұсынады (ҚР Бюджет кодексінің 5-бөлімінің 23-тарауы, 118-бабы): тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептерді, берешектің пайда болу себептері туралы ақпаратты; қайырымдылық және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түскен және жұмсалған қаражат туралы есептерді; жергілікті бюджет шығыстарының трансферттері мен ҚБШ ескеріле отырып, түсіндірме жазбасы бар шоғырландырылған қаржылық есептілікті.