Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, қала әкімі мен әкімдік қаулылары мен өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Негізгі міндеттері:

    1. инклюзивтілік және тұрақтылық қағидаттары негізінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту арқылы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру;

    2. қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша бірыңғай қағидаттар мен тәсілдердің сақталуын қамтамасыз ету;

    3. қадамдық қолжетімділік және Алматы қаласының полицентрлі дамуы қағидаттары негізінде қоғамдық кеңістіктер құру бойынша ұсыныстар енгізу.

    Функциялары:

    1. барлық халық топтары үшін қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі мен қолайлылығын мониторингтеу және бағалау;

    2. барлық топтар үшін қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы саябақтар мен скверлерді қайта жаңарту;

    3. қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

    4. қоғамдық кеңістіктерді құру кезінде халықтың қажеттіліктерін айқындау мақсатында азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу;

    5. жайлы қалалық орта қалыптастыру шеңберінде аудан әкімдері аппараттарының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қалалық қызметтердің және өзге де ұйымдардың абаттандыру, жобалау, құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары бойынша қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;

    6. қоғамдық кеңістіктерді жобалау, салу және күтіп-ұстау қағидаттары мен тәсілдерін айқындау;

    7. Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің қоғамдық кеңістіктер жобаларының тұжырымдамаларын келісу;

    8. қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша жобалық және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    9. бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жүргізу;

    10. өтініштерге талдау жүргізу және өтініш берушілер көтерген жүйелі мәселелерді айқындау;

    11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындау.