Көріктендіру бөлімі
Жалпы ақпарат
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
көріктендіру бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Көріктендіру бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
- Бөлім құралады:
- бөлім басшысы;
- бас инспектор;
- бас маман;
- бас маман;
- бас маман.
- көріктендіру бөлімініңмақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: аудан аумағындағы санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу барысын қадағалау, үйлестіру және ұйымдастыру.
Функциялары:
- жерасты және жерүсті өткелдерін күту;
- арық желілерін күту;
- жаяу жүргіншілер жолына және жол бойына санитарлық тазалау;
- аялдама пункттеріне санитарлық тазалау және қызмет көрсету;
- қалалық және желілік сенбіліктер ұйымдастыру және өткізу;
- бекітілген кестеге сәйкес уақытылы ҚТҚ шығаруды қамтамасыз ету;
- жабайы қоқыс алаңдарын анықтау және жою;
- өзен арналарын тазалау;
- көгалды және жабайы шөптерді кесу жұмыстарын жүргізу;
- мердігер ұйымдардың жабайы жануарларды аулау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- Міндеті: аудан аумағындағы саябақтар, парк және жасыл желектерді қорғау мен күту.
Функциялары:
- апаттық жағдайдағы ағаштарға санитарлық қырқу және кесу жұмыстарын жүргізу;
- өтемақы және бастамашыл көшеттерді отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру;
- гүл отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жасыл желектерге химиялық және биологиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
- Міндеті: бөлім қызметіне жалпы басшылық, өз құзіреті шегінде белгілі бір іс-шаралардың іске асырылуын және бөлімнің құжат айналымын қамтамасыз ету.
Функциялары:
- елді-мекендерді сыртқы жарықтандырумен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары барысын ұйымдастыру және қадағалау;
- арық желілерін жөндеу, өзен арналары жағалауын бекіту жұмыстарын, сыртқы жарықтандыру желілерінің ағымдағы жөндеу және жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізуді талап ететін көшелерді тексеру.
- Жоспарланған құрылыс нысандары бойынша ақаулар дефектісін, сметасын әзірлеу, құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын қажет ететін нысандарға жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындауға қатысу.
- уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті өтініп жолдау және аталған бағыттағы жұмыстың орындалуын қадағалау;
- жаяу жүргінші және веложолдарды, жасыл аймақтарды көгалдандыру, парк және саябақтарды, өзен арналарының жағалауы, субұрқақтардың құрылысы және қайта жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу және жобалардың іске асырылуы;
- төтенше жағдайлардың туындауын алдын алу және оларды жою мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізу және олардың орындалуға дайындылығын тексеру;
- аудан аумағындағы арық желілерінің және жауын-шашын люктерінің жағдайына мониторинг жүргізу, оларды қайта қалпына келтіру және жөндеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;
- дератизация және дезинсекция жұмыстарын үйлестіру және орындалуын бақылау;
- Мемлекеттік және қалалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау.
- бюджеттік бағдарламалар бойынша өтінім, техникалық сипаттама және есептеулерді дайындау;
- көше-жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша және 008, 009, 011 бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктерін және тізбесін әзірлеу;
- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтінішті ҚР қолданыстағы Заңнамамен белгіленген мерзімде қарау;
- хаттамалық тапсырмалардың және кіріс, шығыс хаттардың уақытылы орындалуы;
- жетекшілік ететін ақпараттарды қалыптастыру және орындау;
- атқарылған жұмыстар бойынша тоқсандық және жылдық есеп дайындау.
- Құқығы және міндеттері:
- Бөлімнің құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға;
- Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдерін және өкімдерінің, аудан әкімінің актілеріне сүйене отырып ауданның көріктендіру бойынша сұрақтарының орындалуына, олардың іске асырылуына ақпарат дайындау;
- Жеке және заңды тұлғалардың ауданның көріктендіру сұрақтары бойынша өтініштерін және қызметтік хаттарды қарасытруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына және бөлімнің құзіретіне сәйкес басқа құқықтарды орындауға.
- Көріктендіру бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім басшысы, бас инспектор және бөлімнің бас мамандары лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.