Бюджеттік саясат, жоспарлау және түсімдерді болжау бөлімі
Алдағы жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджеті, облыстық бюджет параметрлерінің болжамын, жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерін болжау бойынша әзірлеу. Жергілікті бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсуіне мониторингті жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттің бюджеттік параметрлерін қалыптастыру. Облыстық, аудандық және қалалық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің болжамды көлемін айқындау. Облыстық бюджетті бекіту және нақтылау бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларын, жетекшілік ететін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау. Облыстық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету және бюджеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін дайындауды бақылауды жүзеге асыру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.