Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы
бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің қызметі
Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Облыс әкімдігінің, облыстық бюджеттік комиссияның, қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихат сессиясының отырыстарына облыс бюджетінің жобасы, облыстық бюджетті бекіту, түзету және нақтылау бойынша материалдар дайындау.
- Облыстық бюджетті бекіту, оны түзету және нақтылау жөніндегі, облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы облыс әкімдігі қаулыларының жобаларына материалдар дайындау.
- Облыстық бюджетті бекіту және оны нақтылау бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларына материалдар дайындау.
- Облыстық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулы жобаларына материалдар дайындау.
- Бюджеттік саясат мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына материалдар дайындау.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің және басқа да жоғары тұрған органдардың бақылаудағы тапсырмаларын орындау;
- Облыс бюджеті бойынша басқа да материалдар дайындау.
Бөлімнің негізгі функциялары:
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер болжамын дайындау.
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін үш жылдық кезеңге айқындау.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар лимиттерін және жоспарлы кезеңге жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау, оларды облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу.
Кезекті жоспарлы кезеңге облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу және соңғы нұсқасын облыстық бюджеттік комиссияның, облыс әкімдігінің және қоғамдық кеңестің қарауына шығару және облыстық мәслихат сессиясына бекітуге ұсыну.
Облыстық бюджетті нақтылау, түзету бойынша материалдар дайындау және облыстық бюджеттік комиссияның, облыс әкімдігінің, қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсыну.
Облыстық бюджетті бекіту, оны түзету және нақтылау жөніндегі, облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын қосымшаларымен және түсініктеме жазбахатымен дайындау.
Кезекті жоспарлы кезеңге қосымшаларымен облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді бекіту бойынша мәслихат шешімінің жобаларын дайындау.
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен бекітілген тәртіпте облыстық бюджетті бекіту және нақтылау бойынша қосымшалары және түсініктеме жазбахатымен мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленген тәртіпте қосымшалары және түсініктеме жазбахатымен облыстық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулы жобаларын дайындау.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленген тәртіпте қосымшалары және түсініктеме жазбахатымен бюджеттік саясат мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің және басқа да жоғары тұрған органдардың бақылаудағы тапсырмаларына материалдар дайындау.
Облыс бюджеті және облыстық бюджет бойынша талдамалық кестелер дайындау.
Бюджет саласындағы жұмысшылардың бекітілген және нақтыланған еңбекақы төлеу қоры бойынша ақпарат дайындау.
Облысты дамыту бюджеті мен облыстық бюджет бойынша объектілер бойынша тізбе қалыптастыру.
Жалпы облыс бойынша бекітілген бюджет бойынша желілер, штаттар мен контингенттердің жиынтығын құру.
Тиісті қаржы жылына бекітілген облыс бюджетінің паспортын құру.
Азаматтық бюджетті әзірлеу.
Салалық бөлімдерімен бірлесіп, бюджет бойынша баяндамалар, сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктеме жазбахаттар дайындау.
Салалық бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына, ортақ сипаттағы трансферттерді анықтау әдістемесіне, жергілікті бюджетті атқару Ережесіне, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ескертулер мен толықтырулар дайындау.
Салалық бөлімдерімен бірлесіп, жалақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықтау.
Салалық бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және басқа да бюджеттік жоспарлау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу.