Шымкент қаласы қаржы басқармасының экономика саласын және инвестицияларды бюджеттік мониторингілеу бөлімі

    Басқарма туралы
    1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну;
    2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді;
    3. Республикалық және қалалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуына және игерілуіне бюджеттік мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
    4. Тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттік кредиттердің есебін және мониторингін жүзеге асыру ;
    5. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салу үшін бағалы қағаздар бойынша мониторинг жүргізу;
    6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;
    7. Жыл қорытындысы бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің тиімділігі бойынша қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді;
    8. Қала бюджетін орындау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштеріне белгіленген тәртіпте жауап дайындау;
    9. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне бюджет шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде қол жеткізуді талдайды.