Биологиялық қауіпсіздік бөлімі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
"Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" ММ (бұдан әрі – мекеме) Маңғыстау облысының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мекеменің миссиясы ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады . Мекеменің негізгі міндеттері: салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жануарлардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, нысаналы және кешенді бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; ветеринария кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру.