
Садыров Ербол Кыдыралыұлы
Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
Мен Садыров Ербол Қыдыралыұлы 1963 жылы 17 қараша айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдім.1971-1981 жылдары Ерназар ауылындағы Крупская атындағы орта мектебінде білім алдым. 1981-1983 жылдары Ерназар ауылында слесарь", көлік жүргізушісі болып жұмыс істедім. 1983 жылы Қаратау қаласындағы Қазақ политехникалық институтының 1-курс студенті болып оқуға түстім. Аталған жоғарғы оқу орнын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтап, 1988 жылы біттім. 1988 жылдың тамыз айынан 1989 жылдың мамыр айына дейін Жаңатас қаласындағы Жаңатас үй құрылысы комбинатына жолдамамен барып шебер болып қызмет атқардым. 1989 жылдан 1994 жылдың қыркүйек айына дейін Қаратау химия зауытында жұмысшы, диспетчер, аға диспетчер, учаске басшысы қызметтерін атқардым.