
Тасеменов Айбек Жаханбайұлы
"Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" КММ-нің басшысы
Тасеменов Айбек Жаханбайұлы 1985 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жапония, Нидерланды және Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.