Автомобиль жолдары бөлімі, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жалпы ақпарат

    1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз ету;

    3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    4) жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқару;

    5) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

    6) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    7) жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

    8) жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;

    9) жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;

    10) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;

    11) кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;

    12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;