Архивтер бөлімі

    Архивтер бөлімі

    Бөлім мақсаттары:

    1) Қазақстан Республикасының ұлттық қорының құжаттарын жинақтау, есептеу және пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    2) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын жергілікті органдарының билік пен басқару құжаттарында қоғам мұқтаждылығын қамтамасыз ету;

    3) Қазақстан Респуликасының орталық мемлекеттік архивімен (бұдан әрі-ҚР ОМА), басқа ҚР мемлекеттік органдарымен, ғылым, мәдениет, ЖОО-менмемлекеттік органдарымен және басқа мүдделі органдарымен бірігіп Ақмола облысы және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша құжаттарды, кітапшаларды, проспектілерді, брошюраларды, жинақтарды басылымға беру үшін дайындау бойынша жұмыстарға қатысу;

    4) облыстың архив мекемелеріне ұйымдастырушылық- әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

    5) анықтамалық-ақпараттық қорын (бұдан әрі-ААҚ) қалыптастыру, есептеу және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    6) сақтау, есептеу және пайдалану бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу, қорытындылау және тарату, бөлім жұмысының тәжірибесіне автоматталған технологияларды енгізу;