"Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" ММ архив ісі, тілдерді дамыту және ономастика бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
4. Міндеті: ҰМҚ құжаттармен толықтыру дереккөзі болып табылатын
облыстың ұйымдарындағы, кәсіпорындарындағы, мекемелеріндегі архив ісі
мен құжат жасаудағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) жобалар әзірлеу және архив ісін дамыту мен құжаттама жүргізу;
2) облыстағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары бойынша мәлiметтер
базасын құру және ақпараттық қызметтерді дамыту жұмыстарын жүргізу;
3) белгiленген тәртiпте құжаттары облыстағы Ұлттық мұрағат қоры
құрамына енуге тиіс мемлекеттiк органдардың және өзге де заңды, сондай-ақ,
жеке тұлғалардың тiзімін белгiлеу;
5. Міндеті: Облыс аумағында құрылатын және сақталатын Қазақстан
Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын және
мемлекеттік орталықтандырылған есебін қамтамасыз етуді мемлекеттік
бақылау.
Функциялары:
1) меншік түріне қарамастан облыстағы Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарын мемлекеттік есепке алу;
2) облыстағыҰлттық мұрағат қорының құрамымен мазмұны туралы
ақпаратпен қамтамасыз етілуін және қолжетімділігін ұйымдастыру;
3) белгiленген тәртiпте облыстағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын
пайдалануды қамтамасыз ету.
6. Міндеті: Архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамаларының сақталуын жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс түрінде
мемлекеттік бақылау. «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет
көрсету;
Функциялары:
1) өз өкілеттігі шегінде Ұлытау облысының мемлекеттік мұрағаттарының
(бұдан әрі - архив мекемелері) қызметіне басшылық жасау және үйлестіру;
2) атқарылған жұмыс туралы басқарма бастығына, облыс әкіміне және өзге
де мемлекеттік органдарға есептер беру;
3) басқарма бастығына, облыс әкіміне және жетекшілік ететін облыс
әкімінің орынбасарына мұрағат қызметін жетілдіру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
4) облыс бюджетінен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк
органдарға олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша сұралған жедел
ақпаратты ұсыну;
5) мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттарда, сонымен бірже
облыстың ұйымдарымен мекемелерінде заңнамалардың сақталуына құжаттау
мен iс жүргiзудiң жай-күйін кешендi тексеру жолымен мемлекеттік тексеріс
жүргізу;
3
7. Міндеттерін жүзеге асару және өз функцияларын атқару мақсатында
Бөлім келесі құқықтар мен міндеттерге ие:
1) мемлекеттiк органдардан, облыстың архив мекемелерінен өзге ұйымдар
мен азаматтардан Бөлімнің құзыретiне енетiн сұрақтар бойынша қажеттi
мәлiметтер сұрауға және алуға;
2) ведомстволық мұрағаттардың жұмысы және іс жүргізудің жай-күйі
жөнінде мемлекетік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
3) мемлекеттік мұрағат қызметкерлерін тексеріске тарта отырып, облыс
аумағында барлық жеке, заңды тұлғалардың, мұрағат iсiн және құжаттауды
жүргiзу жөнiндегi заңнамаларды сақтауын, сонымен бiрге Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарының тарихи, мәдени деректiк ескерткiштердiң қорғалуы мен
пайдалануына мемлекеттiк бақылау жүргiзуге;
4) халықаралық және республикалық ұйымдардың архив ісі мен іс жүргізу
бойынша жұмысына қатысуға;
5) облыстың мұрағат мекемелерін құру, қайта құру, жабу мәселелері
бойынша ұсыныстар енгізуге;
6) өз құзыреті шегінде государственный органға қарасты ұйымдардың қызметіне
басшылық жасауға;
7) Бөлім қызметкерлері дербес жауапкершілік жүктеле отырып түрлі
сыбайлас жемқорлықтың орын алуына өз әрекеттерімен қарсы тұрады.
8) Басқарма алқасының отырыстарын, «дөңгелек үстелдер»,
конференциялар, жиындар өткізуге материалдар дайындауға;
9) Басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясының (бұдан әрі - СТК),
Ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға;
10) Басқармадағы құжаттауды және құжаттаманы басқару үдерісін
ұйымдастыруға;
11) бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар дайындауға;
12) облыстың мұрағат мекемелерінде ақпараттандыру және ақпараттық
технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға;
13) белгіленген заңнамалық тәртіпте қоғамдық мониторинг жүргізетін
үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсынады;
14) Мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдары мен өтініштерін
қарайды.