Архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1) Коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалануды ұйымдастырады, облыс аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    2) "Архив - 2025" жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

    3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы ұйымдастырылуына және есебінің уақтылы жинақталуына, сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының ұйымдастырылуына басшылық жасау;

    4) Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысын, архивтік құжаттарды «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша сандық форматқа енгізу жұмыстарын үйлестіру;

    5) Жоғары тұрған органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар дайындалуын ұйымдастыру;

    6) Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жұмысын үйлестіру ;

    7) Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етеді. Әділет органдарына нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

    8) Цифрландыру жұмысы бойынша талдау, жинақтау жұмысын жүзеге асырады;

    9) Жеке және заңды тұғалардың арыз-шағымдары бойынша тиесілі органдарға есеп тапсыру;

    10) Мәдениет және архив саласында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру, есеп беру, басқарма іс-қағаздарының толық мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету;

    11) Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру;

    12) Ашық диалог критерийлерін жүргізуді бақылау;

    13) Сенім телефоны жұмысын жүргізуді бақылау.