Сәулет және қала құрылысы бөлімі Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы " мемлекеттік мекемесінің Сәулет және қала құрылысы басқармасы""
Қызметі :
1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген (облыстық аудандық жоспарлау жобаларын), немесе оның бөлімдерін белгіленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
2) тұрғындардың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметін тұрғындарының есептік саны бір жүз тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар государственный органға қарасты қалалар мен аудандар аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдаған тұрғындарының есептік саны бір жүз тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
3) құжаттамаларды, ең алдымен, облыстың қалалары мен басқа елді мекендерінің бас жобаларын әзірлеуді және дер кезінде түзетуді ұйымдастырады;
4) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы мониторинг жүргізуге ақпарат және мәліметтер беру;
6) аудандық және қалалық сәулетшілердің қызметтерін үйлестіреді; Ақтөбе агломерациясын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының, тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарының, шекараға шектес аудандардың даму іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат жинау және талдау;
7) заңды және жеке тұлғалардың сәулет және қала құрылысы жөніндегі өтініштерін қарау;
8) қала негізін қалаушы факторларға байланысты әкімшілік аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізу үшін материалдар дайындау;
9) Ақтөбе облысының сәулет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстар жүргізуге, уәкілетті органдарға есепті тапсыру жұмыстарына жауапты;
10) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді;
11) қажеттілік шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыруға міндетті;
12) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толтыру мен жүргізуді қамтамасыз етуді қадағалайды.