Целиноград ауданының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі

    Әкімдік туралы

    «Целиноград ауданының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Целиноград ауданы аумағында мемлекеттік сәулеттік және қала құрылысы саясатын жүргізу.

    «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты:

    1) сәулет және қала құрылысы саласында уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

    2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және Целиноград ауданы аумағын дамыту бойынша бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттар.

    «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

    1) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген ауданның бас жоспарын, заңдарда белгіленген тәртіппен аудан елді мекендерінің қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

    2) ауданның елді мекендерінің бас жоспарының жобасын, шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудан мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

    3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ аудан аумағында құрылыс салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз етудің қағидаларын аудан мәслихатына бекітуге ұсыну;

    4) аудандық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

    5) ауданның бас жоспарын және өзге қала құрылыс құжаттамаларын әзірлеуге тапсырыс берушінің қызметін орындау;

    6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

    7) аудан аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

    8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде шешімдер жобаларын ұсыну;

    9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер жобаларын ұсыну;

    10) келесі талаптардың сақталуын бақылайды:

    - ауданның бекітілген бас жоспарының, қала құрылысы жобалауының басқа да бекітілген құжаттамаларындағы ережелерді;

    - ауданның құрылыс қағидалары мен қала құрылыс ережелерін;

    - қала құрылыс қызметін реттеудегі аумақтық ережелерін;

    - бастапқы рұқсат құжаттамаларының талаптарына, жобалау құжаттамалар дайындау, құрылысты жүзеге асыру, қалпына келтіру және қала құрылысы объектілерін күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

    - сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы ұйымдық-құқықтық нысанға қарамастан, жобалау ұйымдары әзірлейтін жобалау шешімдерінің сапасына бақылау жүргізу.

    11) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
    12) көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес өз құзыры шегінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету:

    - «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»;

    - «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;

    - «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;

    - «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»;

    - «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»

    - «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»;

    - «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».

    Бөлімнің корсететін мемлекеттік қызметтерін орындау бөлімнің бас және жетекші мамандарына, санақшы мамандарына жүктеледі.

    13) Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесі құрамында өзінің құқықтары мен міндеттерін орындау;

    14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелеті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

    1) «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат жүргізу;
    2) облыстық, қалалық әкімдіктің және мәслихаттың, қалалық, аумақтық және өзге атқарушы органдардың алқа отырыстарына қатысу;

    3) қолданыстағы заң нормаларын сақтау;

    4) бекітілген жобалық құжаттамалар мен рұқсатнама тәртіптерін сақталмауын айқындау, оларға жол бермеу және/немесе ауытқуларға шара қолдану;

    5) Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілген және бекітілген белгіленген тәртіптік, сәулет-қала құрылысы, экологиялық немесе басқа да талаптарға, сәулет-жобалау тапсырмаларына және бастапқы рұқсат беру құжаттарына сәйкес келмейтін жобаларға келісім беруден бас тарту;

    6) сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды тәртіптік, өкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті және/немесе құзырлы органдарға материалдар жолдау;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.