Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Бөлімнің жұмысы қала аумағын жоспарлы дамытуға, сәулеттік келбетті қалыптастыруға, қала құрылысы шешімдерінің сапасын арттыруға және қолжетімді қалалық орта жасауға бағытталған.

    Бөлім қаланың бас жоспарын іске асыруға арналған қала құрылысы құжаттары мен аумақты игеру схемаларын әзірлеуге қатысады. Қала құрылысы регламентін, дизайн-кодын және қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру жөніндегі құжаттарды дайындайды, жобалау жұмыстарын үйлестіреді. Жоспарланған құрылыс пен қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар етеді.

    Өз құзыреті шегінде құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеуге бастапқы материалдар беру, эскиздік жобаларды келісу, ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға рұқсат беру, жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру және оны жою бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізеді және оларды қабылдау мен тіркеуге қатысты жұмыстарға қатысады.

    Қала құрылысы жобаларын дайындау кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау талаптарының ескерілуін қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде жергілікті маңызы бар ескерткіштерде жоспарланған ғылыми-реставрациялық жұмыстардың құжаттамасын қарайды және келіседі, тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

    Сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаларды қабылдайды және қарайды, жарнама саласындағы заңнама талаптарының сақталуын өз құзыреті шегінде бақылайды. Қала дизайн-кодына сәйкестендіру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.