Сәулет және қала құрылысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің міндеті:

    1) областығы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) Басқарманың ресми Интернет-ресурсының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

    Функциялары:

    1) құрылыс, сәулет және қалақұрылысы істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;

    2) облыстың қалалары мен аудандарының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;

    3) қала құрылысы құжаттамасын, облыстың қалалары мен басқа да елді мекендерінің бас жоспарларын келісу және жаңарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    4) аймақтағы елді мекендердің бас жоспарларының белгіленген тәртібіне сәйкес бекітілген аумақтарды жоспарлаудың кешенді схемасын (облыстың немесе оның бір бөлігін аймақтық жоспарлаудың жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

    5) Қостанай облысының елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеуге және түзетуге бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдерді дайындауға материалдар дайындау; халық саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихаттың қарауына кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу үшін енгізу;

    6) халық саны жүз мыңға дейін болатын, облыстық маңызы бар қалалар үшін бас жоспарлардың жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру;

    7) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын келісу;

    8) Қостанай облысының елді мекендерін жоспарлау және құрылыс салу мәселелерін жүргізу;

    9) облыстың қала құрылысы құжаттамасының мониторингі;

    10) ақпаратты дайындау, паспорттарды әзірлеу, бекітілген қала құрылыстық құжаттамаға, облыстың қалалары мен басқа да елді мекендерінің бас жоспарларына сәйкес аумақты жоспарланған дамыту немесе басқа қала құрылысы туралы халықты хабардар ету;

    11) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен, жобалау ұйымдарымен, мемлекеттік сараптамамен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;

    12) өз құзыреті шегінде сәулет және қала құрылысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік-техникалық құжаттарға ұсыныстар мен ескертулер беруге;

    13) тиісті органдарға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды уақтылы дайындау, ұсыну;

    14) әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ заңды табиғатты пайдалану құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

    15) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыруды және жүргізуді қамтамасыз етуді бақылау;

    16) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жаңартуды талдауды бақылау;

    17) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беруді бақылау;

    18) басқарма қызметінің ақпараттық қамтамасыз етуді, ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес Басқарманың ресми Интернет-ресурсында (бұдан әрі -сайт) ақпараттын дұрыстығын, толықтығын, уақтылылығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

    19) басқарманың сайтын дамыту бойынша іс шараны ұйымдастыру, жаңа айдарлар, модульдер, сайттың сервисін,оның дизайнін жетілдіру;

    20) Қостанай облысының мемлекеттік орган басшыларының ресми блог-платформасында орналасқан, Басқарма басшысының блогының модераторының функцияларын жүзеге асыру;

    21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    22) ведомстволық индикаторлардың тізімін жасау және одан әрі жаңарту, сондай-ақ осы жүйеге кіру үшін есептілік нысандарын уақтылы беру бөлігінде «Басшының панелі» ақпараттық жүйесінің енгізілуін және жүргізілуін бақылау;

    23) Ашық үкіметтің басқа порталдарында ақпаратты орналастыруға уақытылы көмек көрсетуді бақылау;

    24) Басқарманың жұмыс процесін, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша «ҚБПҮ» (қызметтік бапта пайдалану үшінарналған), сонымен қатар кіріс және шығыс құжаттаманы есепке алуды бақылау;

    25) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін кеңсе меңгерушісі мен басшысының орынбасарларының жеке қабылдауының жүргізілуін және есепке алынуын бақылау;

    26) жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, басқарма басшысы мен басшысының орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орындалуы туралы есеп беру және облыс әкімшілігі, орындалған құжаттарға бақылауды алып тастау;

    27) Басқарманың істер номенклатурасының жасалуын бақылау, Басқарма басшысына бекітуге беру, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен келісу;

    28) кіріс және шығыс құжаттаманы ескере отырып, кеңсенің жұмыс процесін басқаруды бақылау;

    29) бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін (БЭҚАЖ) және мемлекеттік органдардың Интранет порталын (МОИП) пайдалануды бақылау;

    30) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау;

    31) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қол жетімділігін бақылау;

    32) қызмет алушылардың шағымдарын қарау;

    33) облыстың қалалары мен аудандарының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне бөлім қызметіне ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;

    34) тиісті органдарға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды уақытылы дайындау, ұсыну;

    35) басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу;

    36) өз құзыреті шегінде нормалары мен қағидаларына, қолданыстағы заңнама негізінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау;

    37) іс қағаздарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу;

    38) заңнамаға қайшы келмейтін, басқарманың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін басқа функцияларды орындау..