Сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша бөлім қызметкерлерінің іс-қимылын үйлестіреді, кешенді қала құрылысы сараптамасының жиынтық қорытындысын дайындауды және беруді ұйымдастырады, облыстың елді мекендерінде әзірленетін қала құрылысы жобаларының (бас жоспарларының, даму және құрылыс салу схемаларының, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының) қаралуын ұйымдастырады, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер жинауды, өңдеуді, ұсынуды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметтер көрсетеді; сәулет және қала құрылысы саласындағы құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге, келісуге және оларға өзгерістер енгізуге қатысады, бөлімнің белгіленген есептілікті жүргізуіне, негізгі қызмет мәселелері бойынша жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарауына бақылауды жүзеге асырады.