Сәулет, қала құрылысы және мониторинг бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Сәулет, қала құрылысы және мониторинг бөлімі - облыс аумағында мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, облыс аумағындағы елді мекендердің бекітілген бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді үйлестіреді. Облыс бойынша салынып жатқан және салынуы жоспарланған әлеуметтік объектілер мен кешендердің мониторингісін жүргізеді. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарлары мен даму сызбаларына сәйкес жергілікті жерлерде қала құрылыстық регламенттерді сақтауды және сәулеттік қадағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестірді. Сырдария өзенінің сол жағалауында салынатын объектілердің сәулетін қарастырады, олардың ұлттық және шығыс үлгіде болуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

    Облыс аумағында мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, қала, аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында объектілердің, кешендердің, скверлер мен аллеялардың эскиздік жобаларын әзірлейді, тұрғын үй мен кешендердің қас беттерін жаңғырту, елді мекендердің көшелері мен мөлтек аудандардың аулаларын абаттандыру, саябақтарды, аллеялар мен скверлерді көгалдандыру және көркейту бағытында ұсыныстар әзірлейді. Заңнамамен белгіленген тәртіппен объектілерді және кешендерді орналастыру жөнінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне тиісті ұсыныстар береді.