Инвестициялық жобалардың орындалуын талдау, нақты сектор және қарызды есепке алу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Функциялар:

    1. нақты сектор саласындағы мемлекеттік органдарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу;
    2. құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі жұмысқа қатысу;
    3. жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу;
    4. даму бюджетін, инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) игеру барысына мониторингті енгізу;
    5. бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асыру, жылдық сомаларды ай сайын бөлуді, қаржыландыру жоспарларына енгізілетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін бағалау;
    6. төмен тұрған органдар бюджетінің атқарылуы туралы есептерді кейіннен жоғары тұрған органға ұсыну үшін тексеруді жүзеге асыру;
    7. бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалаудың ай сайынғы мониторингін жүзеге асыру (даму бағдарламалары бойынша);
    8. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қаражаты бойынша борыштарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есепті жасау;
    9. бюджеттік мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті жасау;
    10. бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша талдау мен мониторингті жүзеге асыру.
    11. басқарма басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.