Талдау және сыртқы байланыс бөлімі
Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының іске асырылу барысын талдау жүргізу үшін құрылған.
• мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттарда орындалуы көзделген іс-шаралардың тізбегін қалыптастыру, олардың орындалуы бойынша ақпаратты жинау және жүйелеу;
• Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппаратының, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізу;
• тапсырмалардың орындалу мерзімдері мен сапасына талдау жасау, орындалмаған немесе уақытылы орындалмаған тапсырмаларды анықтау;
• тапсырмалардың орындалу барысындағы проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• тапсырмалардың орындалуын бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты ұсынымдар дайындау және басшылыққа енгізу;
• «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысын үйлестіру;
• тапсырмалардың орындалуы туралы талдамалық анықтамалар, шолулар және қорытындылар дайындау, аппараттық кеңестер мен жұмыс тобы отырыстарына материалдар әзірлеу;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.