Еңбек нарығының мониторингі және талдау бөлімі
Халықты жұмыспен қамту, Өңірді дамыту бағдарламасы жобаларын әзірлеу, жұмыспен қамтудың өңірлік картасын іске асыру, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ұйымдастыру және жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады, мониторинг пен есептілікті жүргізеді. Халықты жұмыспен қамту, Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аудару және жұмыс орындарын құру бағыттары бойынша Өңірді дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына қатысты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының жұмысын үйлестіреді. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия отырыстарын өткізуге байланысты жұмысты ұйымдастырады. Жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. Облыс кәсіпорындары (ұйымдарынан) босатылатын жұмыскерлер және жаңадан құрылатын жұмыс орындары бойынша ірілендірілген кәсіптер бөлінісінде болжамды картаны әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.