Талдау және мониторинг бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Талдау және мониторинг бөлімінің

    негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері

    1. Мақсаты:
    • қаланың діни ахуалына талдау және зерделеу жүргізу;
    • бөлім құзіретіндегі мемлекеттік қызметті іске асыру;
    • ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    • азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарының іске асырылуы бойынша процестерді жинақтау, ұсыныстар енгізу;
    • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылығын сақтау.
    1. Функциялары:
    • бөлім құзіретінде, Басқарма басшысының ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындау;
    • Қала әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшысының хаттамалық шешімдерінің орындау;
    • Бөлім құзіретінде, қала әкімі, Басқарма сайтына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы жауап беру;
    • Қаланың діни ахуалын зерделеу, оған талдау жүргізу;
    • Діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы заттарды талдау және зерделеу;
    • Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің актілерінің жобасын әзірлеу;
    • Өңірде құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу;
    • Діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізу;
    • Басқарма тарапынан, уәкілетті органға Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жетілдіруіне бағытталған ұсыныстар енгізу;
    • Қала тұрғындарының діни сенім бостандығы құқықтарын іске асырылуындағы процестерді бақылау, зерделеу, оған талдау жүргізу;
    • Конфессионалдық саясатына қауіп-қатерді болдырмау мақсатында ұсыныстар енгізу, мемлекеттік органдары әдістемелік қамтамасыздандыру;
    • Жергілікті баспа және электронды БАҚ беттерін талдау, зерделеу, мониторинг жүргізу;
    • Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, іске асыру;
    • Басқарма құзіреті шегінде, жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    • Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстары жайлы ақпаратты Астана қаласы әкіміне тоқсан сайын Басқарма басшысына ұсыну;
    • Басқарманың тоқсандық және жылдық есептерін әзірлеу және жинақтау;
    • Қаланың діни ахуалы бойынша аналитикалық хаттар, жедел анықтамалар әзірлеу;
    • Бөлімнің апталық, тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу, уақытылы іске асыру;
    • Басқарманың апталық, тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу, уақытылы іске асыру;
    • Астана қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы күрес комиссиясына қажетті құжаттарды дайындау, отырысқа қатысу, хаттамалық тапсырмаларын орындау;
    • Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының хаттамалық тапсырмаларын орындау, ақпарат жинақтау;
    • Ведомствоаралық жоспарды іске асыруына қатысты отырыстарды ұйымдастыру, қажетті құжаттарды әзірлеу, хаттамалық тапсырмаларды орындау;
    • Бөлім құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығымен танысу, назарда ұстау;
    • Бөлім қызметкері бөлінген жағдайда, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының отырысына қатысу;
    • Басқарма басшысына бөлім қызметіне қатысты, ақпараттық материалдар, баяндамалар әзірлеу;
    • Басқарма құзіреті шегінде, кеңестер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек» үстелдер және өзге де отырыстарды ұйымдастыру, қатысу;
    • Қаланың діни ахуалына тоқсандық, жылдық және кешендік әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
    • Бөлім құзіреті шегінде, құқық қорғау және арнайы органдармен ақпарат алмасу;
    • «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметін үйлестіру, зерделеу, оған талдау жүргізу.
    1. Құқықтары мен міндеттері:

    1) Мемлекеттік мекеме басшылығының тапсырмаларын орындауға;

    2) Функционалдық міндеттерді орындауға қатысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар енгізуге;

    3) Бөлім құзіреті шегінде, құқыққорғау және арнайы органдармен бірлесе қызмет атқаруға;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, өзге құқықтарды жүзеге асыру.