Талдау жұмысының бөлімі
Талдау жұмысының бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
Бөлімнің негізгі функциялары:
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
• мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі бойынша 1-ОС, 1-ОС-ИУ, 2-ГИТ, 2-ГИТ-ИУ, 2-ГИТ-Т есептерін дайындау;
• ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтерді жинақтау;
• шетелдік жұмыс күші бойынша мәліметтерді жинақтау және қорыту;
• әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша жедел мәліметтерді дайындау;
• жұмыс берушілердің жалақыны уақтылы төлеуі бойынша жедел мәліметтерді жинақтау және ұсыну.