Амбулаториялық-емханалық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
1. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1.1. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберінде, сондай – ақ жергілікті атқарушы органның әдіснамалық басшылығын қалыптастыру, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуін және жетілдірілуін бақылау.
1.2. жоғары тұрған органдарға қажетті ағымдағы және жедел ақпаратты ұсыну;
1.3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды әзірлеу және олардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізу.
2. Бөлімнің негізгі функциялары:
2.1. облыстың медициналық ұйымдарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
2.2. облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен және мамандарымен амбулаториялық-емханалық көмекті ұйымдастыру, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша консилиумдарды, кеңестерді ұйымдастыру және қатысу;
2.3. амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша, оның ішінде ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ ЖАО есебінен ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
2.3. амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында терапевтік (ревматологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық), хирургиялық, офтальмологиялық көмекті ұйымдастыруды үйлестіруді жүзеге асыру;
2.4. қайырымдылық қорлары есебінен дәрілік заттарды алуды және амбулаториялық емдеуді ұйымдастыру;
2.5. Бөлімнің құзыреті шегінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен қызметті жүзеге асыру;
2.6. Абай облысы бойынша амбулаториялық-емханалық көмекті жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2.7. Абай облысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2.8. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қылмыстық-атқару жүйесімен қызметті үйлестіру;
2.9. мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, басқа да құрылымдық бөлімшелермен, ведомстволармен, ведомстволық бағынысты басқару ұйымдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен амбулаториялық-емханалық көмек көрсету, сондай-ақ дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
2.10. дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға, Конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу;
2.11. бас штаттан тыс мамандардың қызметін Бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жұмысқа бақылау жасау;
2.12. басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
2.13. ҚР ДСМ және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру және дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша хат алмасу;
2.14. өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;
2.15. мүдделер қақтығысын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
2.16. ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшінің әдептілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтарды сақтау.