Әкімшілік жұмыстар, өтініштерді бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім

    Жалпы ақпарат

    «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік жұмыстар, өтініштерді бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

    1- міндет:

    Басқармаға түскен өтініштерді тіркеу, мерзімінде орындалуын бақылау, өздеріне жүктелген функионалдық міндеттері бойынша өтініштерге жауап беру, шағымдарға тыңдау өткізу.

    Функциялары:

    1) Басқармаға түскен барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және оларды уақтылы орындалуын бақылау;

    2) Батыс Қазақстан облысының әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, басқарма басшысының, басшысының орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауына материалдарды уақытында дайындауды бақылау;

    4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторинг жүргізу;

    5) “Е-өтініш, азаматтардың барлық жүгінулерін қабылдайтын және өңдейтін бірыңғай платформасы бойынша жұмыстану жауапкершілігі;

    6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тиісті органдарға уақтылы есеп беру;

    7) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысаны бойынша уәкілетті органдарға есепті қалыптастыру және тапсыру;

    8) басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау;

    9) басқарма басшылығының құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

    10) Медициналық ұйымдардың пациенттерін қолдау және ішкі аудит қызметін мониторингілеу, талдау жүргізу.

    2-міндет:

    Басқарманың қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, Басқарманың заңдылықты қолдану тәжірибесін жинақтап-қорыту, сондай-ақ, оның құрылымдық бөлімшелерінің мүліктік заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау.

    Функциялары:

    1) Басқарманың қызметін ақпараттық-кұқықтық қамтамасыз ету;

    2) Басқармада құқықтық жұмысқа методикалық қолданыс жүргізу;

    3) Басқармада нормативтік құқықтық актілерге мониторингтің тұрақты түрде жүргізілуін үйлестіру;

    3-міндет:

    Басқарма басшысының бұйрықтарына және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жасау, нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын жасақтау, тиісті органдармен келісу жұмыстарын жүргізу және олардың уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1) бекітуге ұсынылған басқарма басшысы бұйрықтарының және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру және оларға бұрыштама қою;

    2) Басқармамен дайындалған облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;

    3) Басқарманың мұддесін қорғау бойынша барлық сот сатысындаға сот отырыстарына қатысу.

    4-міндет:

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын насихаттау және түсіндіру, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқуларды ұйымдастыру, құқықтық мәселелер бойынша құқықтық актілер жобаларын әзірлеу.

    Функциялары:

    1) Басқармада заңнамаларды қолдану тәжірибесін жинақтап-қорыту және талдау;

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқуларды ұйымдастыру;

    3) ведомстволық бағынысты мекемелердің жүгінулері бойынша құқықтық мәселелерді түсіндіру;

    4) нормативтік құқықтық актілердің келіп түскен көшірмелерін жүйелі есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру;

    5) Басқарманың қызметкерлерінің біліктілігін және құқықтық білімін арттыру бойынша шаралар өткізу;

    6) Басқа мекемелерден, Басқармаға бағынысты ұйымдардан келіп түсетін құқықтық жұмыс туралы ақпараттар мен өзге де материалдарды талдау, олар бойынша шолулар жасау. Тиісті мәселелерді басшылыққа баяндау және жедел кеңесте қарауға енгізу, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар алу және құқықтық жұмысты жетілдіру.

    5-міндет:

    Міндеттері: басқарма аппаратын құқықтық қамтамасыз ету, іс жүргізуге жалпы жетекшілік ету.

    Функциялары:

    1) басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау;

    2) басқармада іс жүргізу, әдістемелік басшылық көрсету;

    3) басқарма басшылығының құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

    4) басқарма мұрағатында құжаттарды сақтау немесе жою бойынша жұмыстарды жүргізу;

    5) басқармаға бағынысты ұйымдарда комплеанс қызметінің жұмысын үйлестіру;

    6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізу.

    6-міндет:

    1) басқармада жұмылдыру жұмысы мен АҚ іс-шараларының орындалуын ұйымдастырады және ведомстволық бағынысты ұйымдарда бақылауды, жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде белгіленген жұмылдыру тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    2) жұмылдыру жұмысы, әскери басқару, аумақтық қорғаныс және АҚ саласындағы басқару органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

    3) АҚ орталықтандырылған басшылығын, медицина саласындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру үшін басқарма басшысына, жоғары тұрған және өзара іс-қимыл жасайтын органдарға қажетті мәліметтерді дайындайды.

    4) басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда АҚ және медицина құралымдарын құруды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және дайындауды ұйымдастырады;

    5) медициналық мекемелерде АҚ қорғаныс құрылыстарын күтіп-ұстауды бақылайды;

    6) Басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде әскери міндеттілерді әскери есепке алуды және броньдауды ұйымдастырады және бақылайды;

    7) АҚ бойынша оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуді, басқарманы және ведомстволық бағынысты ұйымдарды соғыс уақыты жағдайында жұмысқа ауыстыруды ұйымдастырады (қатысады);

    8) белгіленген талаптарға сәйкес медициналық мекемелерде АҚ жүйесінің жұмыс істеуін, ТЖ алдын алуды және жоюды әзірлеуге және бақылауға қатысады;

    9) басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға АҚ және жұмылдыру жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; ;

    10) жұмылдыру жоспарын, басқарманың азаматтық қорғаныс жоспарын және басқа да жоспарлау құжаттарын әзірлейді, оларды уақтылы түзетуді және нақтылауды жүзеге асырады;

    11) азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы және аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі оқу-жаттығуларға, кеңестерге, семинарларға және жиналыстарға қатысады;

    12) жоғары тұрған басқару органдарының өкімі мен нұсқауларын орындауды, қажетті ақпаратты қорытуды және мүдделі органдарға ұсынуды жүзеге асырады.

    13) жұмылдыру дайындығы және АҚ мәселелері бойынша істердің жай-күйі туралы басқарма басшысына баяндайды;

    14) белгіленген нысандар бойынша есептілікті жасайды және белгіленген мерзімдерде ұсынады;

    15) Төтенше жағдай кезінде қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарына медициналық ұйымдарындағы қалдығына талдау жасау, ай сайынғы негізде стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектердің есебіне мониторинг жүргізу.

    7-міндет:

    1) «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ашық деректер» және «Ашық диалог» порталдарының мониторингі, ЕПИРГО, денсаулық сақтау басқармасының сайтын жүргізу ;

    2) Денсаулық сақтау саласында жұмыс процестерінің дебюрократизациялау бойынша шаралар жүргізу;

    3) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы», «Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы», бағдарламасың мониторингілеу;

    4) Денсаулық сақтау саласының цифрландыруы;

    5) Ақпараттық жүйелерде жіберілген кемшіліктер бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыстану;

    6) Ақпараттық жүйелерді мониторингілеу (ПАКС-жүйе, инсульт орталығының ПАКС жүйесі, медицна ұйымдарның компьютермен қамтамасыз етілуі, веб камера, қашықтықтан медицинлық қызмет көрмету, телемедициналық қызмет көрсету);

    7) «Smart Data Ukimet» сұрақтары;

    8) Мобильды қосымшаларды мониторингілеу;

    9)БҚО бойынша ведомстволық жоспардың ашықтығының орындалуы;

    10) МҰ енгізілген ақпараттық жүйелер бойынша қадағалаушы органдардың өтінімдеріне жауаптар (соммалар, шарттар, техникалық ерекшелік).