Әкімшілік-құқықтық және тұрғын үй мониторингі бөлімi
Әкімшілік-құқықтық және тұрғын үй мониторингі бөлімі – «Абай облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президент пен Үкімет актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім басқарманың құқықтық, кадрлық, іс жүргізу және талдамалық қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- Талап-арыз жұмысын ұйымдастыру, басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар мен нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау.
- Басқарма басшылығы мен жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
- Кадр саясатының негізгі қағидаттарын іске асыру, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді қабылдау, босату, бұйрықтарды ресімдеу және олардың орындалуын бақылау.
- Іс жүргізу мен құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, келіп түскен хат-хабарлар мен тапсырмалардың орындалуын қадағалау.
- Апталық жоспарлы отырыстар мен алқалық кеңестерді дайындау, өткізу және хаттамалық есеп жүргізу.
- Мұрағат ісін жүргізу, прокуратура және өзге де уәкілетті органдарға есептілікті уақытылы тапсыру.
- Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау, есеп пен есептілікті жүргізу.
- Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жоғары тұрған және өзге де ведомстволармен өзара іс-қимылын үйлестіру, тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын және еңбек тәртібін сақтауды бақылау.
- Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және басқармада заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
- Қызметкерлерге құқықтық кеңес беру, басқарманы заңнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету.
Тұрғын үй мониторингі бағыты бойынша функциялар
- Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу.
- Тұрғын үй құрылысының ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру.
- Абай облысы аумағындағы тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік нысандарды дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылау.
- Бюджеттік бағдарламалармен жұмыс жүргізу: жобаларды әзірлеу, негіздеу, орындалуын бақылау, тиімділігін талдау және түзету бойынша ұсыныстар енгізу.
- Тиісті бағдарламалар бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілікті уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету.
- Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, оларды уәкілетті органдарға ұсыну және орындалуын бақылау.
- Аудан әкімдіктеріне тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету.
Бөлімді бөлім басшысы басқарады және өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың толық әрі сапалы орындалуына жеке жауапты болады.
Бөлім басшысы бөлім қызметін жалпы ұйымдастырады, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын бақылайды.
Бөлім өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Абай облысының құрылыс басқармасының актілеріне сәйкес өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.