Медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және әкімшілік - құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атқарылуын бақылайды. Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген стандарттарға сәйкес қызмет көрсету тәртібін нақтылайды. Лицензиялау жұмысына мониторинг жүргізеді. Денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалайды, үйлестіреді. Денсаулық сақтау саласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және жұмыс жасайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі талдау жұмыстарын жүргізеді.