Бөлім Қызметкерлері
Әкімшілік-қаржы бөлімі
Мақсаты:
1) мемлекеттік мекемені ұйымдастыру, ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік, бюджеттік есеп және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде, тиімді бірыңғай мемлекеттік саясат жүгізу;
3) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының нормаларын сақтау.
Функциялары:
- Басқарма басшысының өкілеттік және атқарушы билік органдарымен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету;
- Басқарма басшысының ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Қала әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшысының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау;
- Қала әкімі сайтына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қарастырылуын бақылау;
- Мұрағаттық іс-жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыруды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу, мекеме басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және бақылау;
- Қатаң есептегі бланкілердің қолданылуына бақылау жүргізу және қолдануға жарамсыз қатаң есептегі бланклерді есептен шығару және жою;
- Құжат айналымы туралы ақпарат және анықтамаларды дайындау, мемлекеттік мекемеде іс-жүргізудің атқарылуын бақылау;
- Бөлімнің апталық, тоқсандық және жылдық жоспарын дайындау және орындалуын қамтамасыз ету;
- Құқықтық даулар кезінде белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтыру, кейіннен оларды сот органдарына жіберу;
- Мекеме басшысының бұйрықтары, келісім-шарттар, нұсқаулықтар және құқықтық басқа да құжаттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, белгі қою;
- Мемлекеттік мекеменің жұмысшыларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайда болған құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру;
- Қолданыстағы заңнаманы меңгеру бойынша жұмыстар атқару және мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын құқықтық оқыту бойынша іс-шаралар жүргізу;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
- Тауарлық және қаржылық ресурстардың үнемді қолданылуын бақылау, ұйым меншігінің сақталуын қамтамасыз ету;
- Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес есептік саясатты қалыптастыру;
- Инвентаризация және шаруашылық операцияларды жүргізу;
- Мемлекеттік мекеме қызметі туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты құрастыру және уақытылы беру, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
- Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді қолданылуын жүзеге асыру;
- Мемлекеттік мекеменің жұмысшыларына жалақыны, демалыс және жарамсыздық парағы ақысын уақытылы есептеу және карт-шотқа аудару;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша бухгалтерлік ақпараттың дерек қорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындау;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша мұрағатқа тапсыру үшін бухгалтерлік құжаттардың белгіленген тәртіппен сақталуын, дайындалуын қамтамасыз ету;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша Астана қаласының Қаржы басқармасына айлық және тоқсандық қаржылық есепті даярлау және мерзімінде тапсыру;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық және бір реттік шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеу;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша төлем құжаттарын (ақы төлеуге шот, тапсырыс) даярлау және оларды Астана қаласының Қазынашылық департаментіне жіберу;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік тапсырыстар даярлау және Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыну;
- Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын даярлау;
- Салықтық және статистикалық есептілікті уақытылы беру және құрастыру;
- Негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да тауар-материалдық құндылықтардға бухгалтерлік есеп жүргізу;
- Тоқсандық, жартыжылдық және жылдық балансты құрастыру;
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау және бекітуге ұсыну;
- Астана қаласының мәслихаты сессияларының шешіміне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуде ұсыныстар беру ;
- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
- Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларға аукциондар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
- Конкурстық және аукциондық құжаттарды даярлау;
- Мемлекеттік сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған журналдарды жүргізу;
- Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді даярлау және оларды құзіретті органдарға тапсыру;
- Өткізілген конкурстар мен аукциондар бойынша құжаттардың дайындалуын бақылау;
- Мемлекеттік сатып алу жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
- Жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау;
- Бөлімнің апталық, тоқсандық және жылдық жоспарларын құрастыру және орындау.
Құқықтары мен міндеттері:
1) Әкімдік пен Астана қаласының мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
2) Басқарманың құзыретіне жататын Әкімнің және Әкімдіктің актілерінің жобаларын дайындау;
3) Жергілікті атқарушы билік органдарының қызметі нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, дін саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
4) Мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтар құру;
5) Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.