Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі
2.2. Функциялары:
1) бөлім құзыреті шегінде Кеген ауданы аппараттарының, Кеген ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Алматы облысы, Кеген ауданы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын дайындау және орындау мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді және талдауды жүзеге асыру;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
3) аудан әкіміне аудандағы әлеуметтік-экономикалық даму және қоғамдық-саяси жағдай туралы жедел ақпарат беруді қамтамасыз ету;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу дәрежесіне жедел онлайн-мониторинг пен ситуациялық талдауды қамтамасыз ету;
5) бөлім құзыреті шегінде және ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
6) Кеген ауданы әкімдіктерінің, ауданның органдарының (келісім бойынша), сондай-ақ, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің әкімдік отырыстарына, кездесулерге, кеңестерге және бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі өткізетін басқа да іс-шараларға материалдарын талдау;
7) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының орындалуын қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді үйлестіру;