Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім әкімнің жергілікті өкілетті органдармен және атқарушы органдармен тығыз байланысын қамтамасыз етеді және аудан әкіміне аудандағы жағдай туралы уақытылы ақпарат береді.

    Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілерінің,облыс және аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің,облыс және аудан әкімі аппараты басшыларының бұйрықтарының орындалуын бақылайды. Аудандық бөлімдер мен округтерге әдістемелік көмек көрсетеді.

    Аудан әкімінің аудандық ұйымдармен, бөлім басшыларымен аудан әкімімен өткізілетін аппараттық кеңестеріне материалдар мен ақпараттарды дайындайды. Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беруін ұйымдастырады.