Ұйымдастыру – бақылау бөлімі
Атқарушы билік пен өкілетті ұйымдармен, аудан әкімінің өзара әрекеттесуіне ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаттарын, Астана қаласы маслихатының депутаттарын сайлау бойынша жұмыстарын дайындайды және өткізуді ұйымдастырады. Ауданда сайлаушылар санын тоқсан сайын есептейді және есебін жүргізеді. Аудан бойынша сайлау комиссиясының құрамымен байқау жұмыстарын жүргізеді. Аудан әкімінің есеп беру кездесулерін өткізеді және дайындау бойынша жұмыстарын жүзеге асырады, есеп беру кездесулерінің кестелерін құрады, аудан әкімі кездесулерінің есебі үшін ақпараттарды жинауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулерінде хаттамаларды жүргізеді, түскен ұсыныстар негізінде берілген кездесулер бойынша іс-шараларды жетілдіруді жүзеге асырады, жүйелі бақылауды жүргізеді, есеп беру кездесулері бойынша аналитикалық ақпаратттарды жүйелейді және қорытындылайды. Семинарлар мен активтерді өткізу және қатысуды ұйымдастырады, берілген іс-шараларды талдайды және есептейді, бақылауды қамтамасыз ету. Азаматтарды қабылдау бойынша өтініштер мен шағымдарды, ұсыныстарды қарастырады, жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан әкімінің, қала әкімінің шешімдері мен бұйрықтарын, үкіметтің шешімдерін, Жарлықтарын орындау бойынша бақылайды.