Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі
Жалпы ақпарат
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі аудан әкімінің өкілетті және орындаушы органдармен байланысын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкімет актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі, аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлім жұмысының құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімінің аппараты туралы Ереже құрайды. Бөлім өзінің практикалық жұмысында басқа аудандық құрылымдық бөлімдермен, аудандық Мәслихатпен, басқа да мемлекеттік органдармен іскерлік байланыста болуда.