Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:
    - Құжат айналымын оңтайландыру бойынша аппарат басшысына ұсыныс енгізеді, іс-құжаттардың жетілдіруін қамтамасыз етеді, құжаттармен жұмыс жасау ретін анықтап оның сапасына жауап береді, аппарат қызметін құжаттармен қамтамасыздығын жүзеге асырады;
    - Түскен құжаттардың сипаттамасына талдау жасайды, құпия емес хат-хабарды қаралу, өтілу, шұғыл есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырып оны жіберілуін қамтамасыз етеді;
    - «Тілдер туралы» Заң талаптарын аппаратпен орындалуын сонымен бірге іс-құжаттардың қазақ-орыс тілдерде тепе-тең жүрілуін қамтамасыз етеді.
    - Өтініштерді және хаттарды қарау жұмыстарын қамтамасыз етіп, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
    - Аппарат құжаттарының құндылығын сараптау бойынша комиссия жұмысын ұйымдастырады, мұрағатты құжаттардың уақытша сақталуын, соңғы сараптамадан өткізіп жүзеге асырып кейін оны мемлекеттік мұрағатқа өткізеді;
    - Аппараттың іс номенклатурасын, аппарат бөлімдерінің индексін құрастырады;
    - Бұрыштама белгілер, конверттер, бланк өнімдерін есепке алу мен тапсырысын қамтамасыз етеді;
    - Құжаттарды жүргізуін ұйымдастыруда ауылдық округтік әкім аппараттарына әдістемелік көмек беріп, аппарат қызметкерлеріне іс-қағаздарды жүргізу бойынша оқу өткізеді;
    - Елтаңбалық мөрлерді сақтайды;
    - Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, ШҚО әкімінің шешімдерін, өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулысын, аудан әкімінің шешімі мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулысын орындалуын тексеру мен қадағалау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
    - Жергiлiктi атқарушы органның орта мерзiмдi фискалдық саясатының, ауданның экономикалык және әлеуметтiк даму жоспарынның бағдарламасын жасау;
    - Жергiлiктi өкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн жүзеге асыру туралы қаулы жобасын әзiрлеу;
    - Бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлiп, аудан дамуының бюджет бағдарламалары тiзбесiн құрастыру;
    - Мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстың өткiзiлуiн ұйымдастыру;
    - Бөлiмдi қаржыландыруды жоспарлау және жоспарды орындау;
    - Аппаратты толықтыру, бiлiктiлiгiн көтеру, өз құзыры шеңберiнде азаматтық қорғаныс бойынша дайындық жұмыстарын және iс-қимыл шараларын ұйымдастыру.