Жалпы бөлім
Жалпы ақпарат
Функциялары:
- Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерді түсіндіру;
- мемлекеттік орган әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жүйелі есебін ұйымдастыру;
- мемлекеттік органда құқықтық мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді қамтамасыз ету, құжаттармен, оның ішінде "қызметтік пайдалану үшін" таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін қамтитын жұмыстың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау;
- аудан әкімдігінің аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде құжаттаманы ұйымдастыруды, құжаттаманы басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
- орындау мерзімдеріне ішкі бақылауды жүзеге асыру;
- анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралардың орындалуын және қабылдануын бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жергілікті жерлерде практикалық көмек көрсету.
- әкім аппаратында электрондық құжат айналымы тәртібін және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және оны аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде үйлестіру;
- құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді қоюға, ақпараттық технологияларды әзірлеуге, жобалауға және енгізуге қатысу;
- құжаттардың түпнұсқаларын ағымдағы мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру және оларды мемлекеттік мұрағатқа сақтауға беру.
- әкімдіктің, аудан әкімінің актілерін тіркеу, тираждау, тарату;
- аппарат бөлімдері мен мемлекеттік органдар дайындаған аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын ресімдеуге сараптаманы жүзеге асыру;
- актілер мәтіндерінің түпнұсқалығына сараптаманы жүзеге асыру.
- өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
- аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелердің мониторингі, проблемалық мәселелердің картасын қалыптастыру;
- мәселелердің сипатын айқындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды әкімге, әкім орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына жіберу;
- Жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жөніндегі жұмыстардың мониторингі;
- Жергілікті атқарушы органдар басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруын және өткізуін бақылау;
- келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін алдын ала қарау, талдау, қабылдау және тіркеу: қағаз жеткізгіште қолма-қол, оның ішінде "Қазпошта" АҚ арқылы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының порталы арқылы электрондық түрде egov.kz";