Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімшесі

    Жалпы ақпарат
    Бөлімшенің жұмыс жоспары мен бөлімше қызметкерлері арасында міндеттер бөлінісін жасау, оның орындалуын үнемі бақылап отыру.

    «Алакөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттарымен жұмысын үйлестіреді, қажетті құжаттармен анықтамаларды мерзімінде талап етеді, құжаттарды орындалуын бақылайды және тексереді, электронды құжат айналымына бақылау жасайды, талаптарды толық орындамаған құжаттардың толық қанды орындалуын орындаушылардан талап етеді, құпия құжаттарды ұйымдастырып жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады, орындаушылық тәртіпті үнемі бақылайды, аудан әкімінің аппараты жиындарында берген хаттамалық тапсырмаларын орындалуын бақылау, бақылауға алынған облыстан келіп түскен шешімдер мен қаулыларға хабарламалардың уақытында жіберілуін және аудан әкімі қабылдаған, бақылауға алынған актілердің орындалуы туралы хабарламалардың уақытында берілуін бақылау. Іс- жүргізу бойынша аудандық бөлімдерге және аймақтық округтерге практикалық көмектер көрсетеді және жіберілген қателіктерді жоюға жедел шаралар қолданады.